ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

0
61
Сарыағаш ауданындағы есептік кездесуден кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халықтың мұң-мұқтажын бірнеше ауылдарды аралап, халықпен жүздесті. Тұрғындарды толғандыратын түйткілді мәселелерді тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Атқарылған жұмыстарды ел таразысына салды. Аймақ басшысы тұрғындардың көтерген мәселелерінің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Облыс әкімі ауылды дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауылға жастарды тұрақтандыруға көп көңіл бөліп отыр. Әкім ауыл тұрғындарының бірқатар мәселесін көп күттірмей, шешіп берді. Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауыл округінің өзекті мәселелері кезекті рет талқыланды. Осыдан 1 айға жуық уақыт бұрын тұрғындар көтерген мәселелер шешімін табуда. Солардың бірі – халыққа қызмет ету орталығы бүгін ашылды. Облыс әкімі тұрғындармен бірге жаңа орталықты аралап көрді.
Осыған дейін көтерілген ел ұсынысы қабылданып, орын алып жатқан қылмыс санын азайту үшін бейнекамералар санын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, қылмысты азайту мәселесіне қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды ішімдіктен бас тартқан өңірдегі 12 ауылдан үлгі алуды, солардың қатарына қосылуды ұсынды. Өйткені арақ-шараптан мүлдем бас тартқан бұл ауылдарда ішімдікпен байланысты қылмыс мүлдем жоқ. Бұл елді мекендерде той, мереке, туған күндерде дастарқанға арақ-шарап қойылмайды. Дүкен, дәмхана, тойханаларда да ішімдік мүлде сатылмайды.
Өңір басшысы шекаралас аймақты дамыту, сауда-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану, көлеңкелі экономиканы жою бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырған еді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Газ бен ауыз су мәселесі де кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.
Бүгінгі кездесуде ауыл тұрғындары заманауи мәдени орталық ашып, жастарды тарту мәселесін көтерді. Дархан Сатыбалды мәселені созбай, аудан әкіміне қажетті жер қарастыруды тапсырды.
Дербісек елді мекенінің тұрғындары да облыс әкіміне өздерін толғандырған мәселелерін айтты. Арыз-өтініштердің басым бөлігін инфрақұрылым, білім ұяларын жаңарту, әлеу­меттік, тұрғын үймен қамту, жер телімдерін беру және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер құрайды. Кей мәселені шешуге жергілікті билік­тің пәрмені жетпейтіні анық. Сондықтан түйткілдің түйінін тарқатуды республика деңгейінде қарау керек. Бірқатар мәселелерді шешуде демеушілердің, жанашыр жандардың көмегі қажет.
– Мен жақсы сөз емес, шындықты есту үшін келдім. Проблеманы жасырмай, ашық айта білейік. Оны өзімізден басқа ешкім бізге келіп, шешіп бермейді. Біздің мақсатымыз ортақ. Ауылдарды дамыту, халыққа қолайлы жағдай жасау – үнемі назарда. Туған жерді бірге көркейту керекпіз. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев ауылды дамытуды назардан тыс қалдырған емес. Қолға алынған әрбір жоба ел игілігі үшін жасалады. Оның шарапатын халық көреді. Басты талап – сапада. Алдымызда тұрған ауқымды істер көп. Ел арасында көбіне инфрақұрылым мәселесі өзекті. Таза су, сапалы жарық, табиғи газбен қамту жұмыстары үздіксіз атқарылып келеді. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етеді, бірақ олардың барлығы бақылауда тұр. Ауданның бәсекеге қабілетті, дамыған, қауіпсіз әрі таза болуы барлығымызға қатысты. Сондықтан барлықтарыңызды, ауылдарды дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Халық аманатын арқалау – үлкен жауапкершілік. Ауылдағы жағдайды әуелі ауыл әкімі жақсы білуге міндетті. Әр отбасының тұрақты табысы болу қажет. Жаңа жұмыс орнын ашуға күш салу керекпіз,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЪЕЗДИЛ СЕЛА, ЧТОБЫ РЕШИТЬ ПРОБЛЕМЫ НАСЕЛЕНИЯ
После отчетной встречи в Сарыагашском районе аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды посетил несколько сел и встретился с жителями. Выслушав волнующие их проблемы, глава региона разъяснил пути их решения в рамках закона.
Право оценить проделанную работу аким дал народу. Глава региона подчеркнул, что ни один из вопросов, поднятых жителями, не останется без внимания.
Глава региона уделяет большое внимание развитию сел, повышению благосостояния сельских жителей, решению проблем сельской молодежи. Аким лично решил ряд подобных проблем, не дожидаясь их решения извне.
С участием Дархана Сатыбалды в очередной раз были обсуждены актуальные вопросы сельского округа Жибек жолы Сарыагашского района. Поднятые жителями почти месяц назад проблемы находят свое решение. К примеру, по просьбе сарыагашцев открылся Центр обслуживания населения. Аким области вместе с жителями осмотрел новый объект.
Ведется работа по увеличению количества видеокамер для снижения количества совершаемых преступлений. Об этом тоже просили жители. Вместе с тем, чтобы снизить количество правонарушений, Дархан Сатыбалды предложил брать пример с жителей 12-ти поселков региона, отказавшихся от алкоголя. Сейчас в населенных пунктах, жители которых полностью отказались от употребления спиртного, зарегистрирован нулевой уровень преступлений, связанных с алкоголем. В праздничные дни там не ставят на столы вино и водку, а в магазинах, кафе и ресторанах алкоголь вообще не продается.
Глава региона поручил усилить работу по развитию приграничного региона, эффективному использованию торгово-логистического потенциала, ликвидации теневой экономики. Работа в этом направлении ведется. Вопрос газо- и водообеспечения населения тоже решается поэтапно.
На сегодняшней встрече жители просили власти об открытии современного культурного центра для досуга молодежи. Дархан Сатыбалды поручил акиму района предусмотреть необходимые земельные участки.
Жители населенного пункта Дербисек тоже рассказали акиму области о своих волнующих проблемах. Большую часть обращений населения составляют вопросы, касающиеся инфраструктуры, ремонта образовательных учреждений, социального и жилищного обеспечения, предоставления земельных участков, поддержки предпринимательства.
Очевидно, что для решения некоторых проблем не хватает потенциала местных властей. Поэтому решать их нужно на республиканском уровне. А для решения ряда вопросов необходима помощь спонсоров, неравнодушных людей.
– Я здесь, чтобы услышать правду, а не добрые слова. Давайте не будем скрывать проблемы. Никто, кроме нас, не придет и не решит их. У нас общая цель. Вопросы развития сел, создание благоприятных условий для населения – всегда в центре внимания. Мы должны вместе благоустраивать родную землю. Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил развивать села. Каждый реализованный проект создается на благо жителей. Главное требование – качество. Впереди много масштабных дел. Среди населения в основном актуален вопрос инфраструктуры. Работа по обеспечению чистой питьевой водой, природным газом, освещением ведется непрерывно. Для решения некоторых вопросов требуется дополнительное время, чтобы рассмотреть финансирование из бюджета, но все они находятся под контролем. Все мы озабочены тем, чтобы ваш район был конкурентоспособным, развитым, безопасным и чистым. Поэтому призываю всех работать вместе. Это большая ответственность. Акимы обязаны владеть ситуацией в селах. Каждая семья должна иметь стабильный доход. Нужно приложить усилия для создания новых рабочих мест, – сказал аким области Дархан Сатыбалды.
Advertisements