САУРАН СЕКТОРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БІРАҚАТАР ЖОБА ІСКЕ АСТЫ
Жалпы жер аумағы 2157 гектарға созылған Сауран мөлтек ауданында 42 550 тұрғын бар. 156 көшеден тұратын секторда биыл инфрақұрылым, жол салалары бойынша бірқатар жоба жүзеге асқан.
Атқарылған жұмыстардың көрсеткіштеріне сәйкес, сектор толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген, газбен қамтылу көрсеткіші – 99%-ды құрап отыр.
Жыл басынан бері 5 көшеге кәріз жүйесі тартылып, құрылысы аяқталды.
Жол сапасы бойынша қажеттілігіне сәйкес 13 көшеге- тас, жоспарға сәйкес 4 көшеге асфальт төселді.
Қала әкімінің ай сайынғы кездесулерінде берілген тапсырмалар бойынша да сектор тұрғындарының бірқатар өтініші жүзеге асқан.
Атап айтқанда, 1-2мөлтек аудандарының аулаларында жарықшамдар іске қосылды.
М. Өтемісұлы көшесі мен Д.Нысанбаев қиылысында балалар ойын алаңшасы салынды. Баянауыл елді мекенінде 900 орынды мектеп бой көтеруде.
Жыл басынан бері тұрғындар өтініші бойынша 7 аялдама орнатылып, 31 көшеге жарықшам жүргізілді.
Қазіргі таңда, 2024 жылы атқарылатын жұмыстар тізбесі әзірленуде.