Шымкент қуыршақ театры Душанбеде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент қуыршақ театры Душанбеде

0
100
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Тәжікстанда халықаралық фестивальге қатысып жатыр.
–Бүгін Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласындағы халықаралық Чодори Хаел қуыршақ театрлары фестивалі салтанатты түрде ашылды. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Иран, Өзбекстан елдерінің қуыршақ театрлары ең таңдаулы қойылымдарын қазан айының 24-29 арасында Лухтак мемлекеттік қуыршақ театрында ұсынады. Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары М. Нұртаза қатысушыларды іс-шараның салтанатты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі, – деп хабарлады Душанбе қаласынан Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры Самат Алтай.
Фестивальдің ашылуына Тәжікстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілі Б.Амангельдиев арнайы келіп, театр ұжымына қолдау білдірген.
Advertisements