Үстіне ағаш құлап мерт болды
Алматы–Бішкек автожолының 37 шақырымындағы Шамалған ауылының маңында, қатты желдің салдарынан ағаш құлап, 46 жастағы ер адамды басып қалды. Ер азамат оқиға орнында жан тапсырған.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлерінің және басқа да уәкілетті органдардың қатысуымен жан-жақты тексеру жүргізіледі.
Алматы облысының полиция департаменті марқұмның туыстарына көңіл айтып, қолайсыз ауа райы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.