Түркістанда қазақ күресінен ел кубогі сарапқа салынуда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Түркістанда қазақ күресінен ел кубогі сарапқа салынуда

17

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, ерлер арасында 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі, сондай-ақ түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша жүлдегерлер анықталады. Әйелдер арасында 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 келі салмақтарында белдесулер өтеді. Бұдан бөлек, турнир аясында аралас командалық сайыс ұйымдастырылған.
Айта кетсек, 26-29 наурыз күндеріне жоспарланған жарысқа «Sport Qory» спортты қолдау қоры демеушілік көрсетуде.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements