Шымкентте “Мото-Наурыз” шарасы өтті - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте “Мото-Наурыз” шарасы өтті

8

Наурыз мерекесіне орай мотоцикл әуесқойлары мен тұрғындарды біріктірген «Мото-Наурыз» мерекелік іс-шарасы биыл да өз жалғасын тапты.

Дәстүрлі форматта ұйымдастырылған шара түрлі жастағы қатысушылардың басын қосып, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мотомәдениетті дамыту, салауатты әрі белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қоғамда жағымды атмосфера қалыптастыру.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ шетелден де қатысушылар келген. Бұл өз кезегінде іс-шараның ауқымын кеңейтіп, оның халықаралық сипат алғанын көрсетеді.
Бағдарлама аясында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, үздік қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара соңында қонақтарға дәстүрлі наурыз көже ұсынылып, мерекелік думан өз мәресіне жетті.
Advertisements