Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар құрықталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар құрықталды

26

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесі бойынша кешенді жоспар әзірленді. Осы ретте Қазақстанда заңсыз ойын бизнесімен күрес қарқын алып келеді. Мемлекет бұл әрекетті елдің экономикалық қауіпсіздігіне және қоғамның әл-ауқатына қатер ретінде қарастырады. 2023 жылы 13 қылмыс анықталып, 2024 жылдың 9 айында тағы 7 заңсыз әрекет әшкереленді. Әсіресе, заңсыз онлайн ойындардың көбеюі алаңдатарлық: Instagram және TikTok секілді әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялар мен ойындар жүргізілген. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары – Кулбаев Санат Жұмабайұлы баяндаы.Департаменттің мәліметі бойынша, 2023 жылы 13 адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған. Олардың 10-ы бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды, 1 азамат қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 2 адам әкімшілік айыппұл төлеген. 2024 жылдың алғашқы 9 айында да 13 адам сотталып, 4 адам бас бостандығынан айырылған. Қаржылық мониторинг Агенттігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы заңсыз ойын веб-сайттарын бұғаттау мүмкіндігі кеңейтілді. 2023 жылы 600-ден астам заңсыз сайт пен әлеуметтік желідегі парақшалар бұғатталды. Жалпы, Мемлекет заңсыз ойын бизнесін түбегейлі жоюға және қоғамды құмар ойындардың зиянынан қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.

Advertisements