45 мыңнан астам шымкенттік жұмыспен қамту шараларына тартылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

45 мыңнан астам шымкенттік жұмыспен қамту шараларына тартылды

8

Шымкент қаласында 2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, 10 айдың қорытындысымен оған 45 860 адам (80,5%) қатысты.

Бүгінде жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар да оң нәтижесін беруде. Биыл жоспар бойынша 30 207 жұмыспен қамту шараларына тарту мақсаты қойылып, оған 26 940 тұрғын қатысты.

Тарқатып айтқанда 3 741 адамның кәсіпкерлігін қолдау, 6 898 адамға субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беріліп, 12 982 адамды бос жұмыс орындарына орналасты және 3 319 адамға кәсіптік оқытуға жолдама берілді.

Сондай-ақ, 26 482 адамды Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан концепциялар мен қаланың даму жоспары бойынша жүзеге асырылып отырған нысандарға жұмысқа орналастыру жоспары бекілсе, есепті кезеңде нақты 18 920 адам жұмысқа жолданған.

Елімізде жұмыссыздарды жұмыспен қатуға бағытталған. “Жастар тәжірибесі”, “Әлеуметтік жұмыс орындары”, “Ұрпақтар келісім шарты”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Ұлттық жоба ” және “Алғашқы жұмыс орны”, «Күміс жас» сынды бағдарламалар ұсынылады. Әр бағдарламаның өз талаптары бар. Толық ақпаратты «enbek.kz» порталынан немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.

Advertisements