Тұрын үй саясатына өзгерістер мен толықтырлар енгізілді
Биыл қарашада Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. “Отбасы банкі” базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, ол тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары бойынша Мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база болып табылады.
Есепке қоюдың жаңа тәртібіне сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың жаңа базасына кезекке тұру құқығына соңғы 5 жыл ішінде қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, тұрғын үйі жоқ барлық азаматтар ие болады.
Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет берілетінін атап өткен жөн. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жаңа моделінде тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және кіріс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, заң жобасында сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын, оның ішінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға беру ұсынылады.
Тұрғын үй кезегінде санатына қарай тұрғын үймен қамтылған пәтерлерді жекешелендіру тәртібіне сәйкес азаматтарға беру ұсынылады. “Отбасы банкінің” жаңа функциялары Заңды ресми жариялаған күннен бастап алты ай өткесін күшіне енеді. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар кезекке қоюға өтінімдерді қабылдауды, сондай-ақ тұрғын үйді бөлуді бұрынғы тәртіппен жалғастырады.