Шымкенттік гандболшы қыздар Азия чемпионатында Ұлттық құрама сапында өнер көрсетті
Гандболдан Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен сары құрлықтың бәсекесінде аруларымыз өз тарихында төртінші мәрте жүлде жеңіп алды. Он күнге созылған жарысқа 8 елден, екі топқа бөлініп кіл мықтыны анықтады. Ұлттық құрама 4 кездесу өткізіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Айта кетсек, Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары Колесниченко Дарья, Әбдіхамит Арайлым және Ситникова Мария сынды қыздарымыз өнер көрсетті.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде аруларымыз Иран құрамасын 28:22 есебімен ұтты. Бір қызығы, 2021 жылы да қос ел қола жүлдеге таласып, жерлестеріміз басым түскен еді.
Айта кетейік, Гандбол тұңғыш рет 1936 жылы Берлиндегі ойындардың бағдарламасына енгізілді. 11*11 форматында өткен жарыста алты құрама қатысты (Германия, Венгрия, АҚШ, Австрия, Швейцария, Румыния). Неміс гандболшылары жеңіске жеткен.
Әйелдер арасындағы гандбол жарысы 1976 жылғы Монреал ойындарында алғаш рет ұйымдастырылды. Алғашқы жеңімпаз ретінде КСРО құрамасы тарихта қалды.
1946 жылға дейін гандбол командасының алаңында 11 ойыншы болуы керек еді. Бүгінгі жарыс 7х7 түрінде өтуде.
Матчты екі бірдей төреші басқарады. Келіспеушілік туындаған жағдайда шешімді төрешілер ақылдасудан кейін бірлесіп қабылдайды.