Қазақстанда 20 шекара заставасын салу мерзімі бұзылды
Сенатта 20 шекара заставасын салу мерзімінің бұзылуы және осы мәселені шешу жолдары талқыланады.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы отырысында сенатор Андрей Лукин депутаттардың жақында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бөлімшелеріне барғанын хабарлады. Сөзінше, олар СҚО Мамлют ауданының Белое елді мекенінде орналасқан “Ақкөл“ шекара бөлімшесі нысандарының құрылыс барысымен танысқан.
“Біз құрылыс жұмыстарының тоқтап тұрғанына көз жеткіздік. Ондағылар тоқтаудың себептері туралы нақты жауап бере алмады. Содан кейін құқық қорғау органдарының, қаржы құрылымдарының, тапсырыс берушілер мен мердігерлердің қатысуымен кеңес өткізу және объектілерді белгіленген мерзімде тапсырудың кешігу себептерін анықтау туралы шешім қабылданды“,-деді Андрей Лукин.
Лукиннің сөзінше, Павлодар облысындағы “Арлан“ бөлімшесінің құрылысына 2,7 млрд теңге қарастырылған. Жоба 70% қаржыландырылды, бірақ нысанның дайындығы 45% құрайды. Актілерге қол қойылды, бірақ ақша жоқ және құрылыс тоөтап тұр. Ақтөбе облысындағы “Байтұрасай“ бөлімшесі шарт бойынша 2,6 млрд теңге тұрады, қаражаттың 72% аударылды, бірақ объектінің дайындығы небәрі 55%. Мұндай сурет барлық 20 нысанда байқалады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары–Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Үкімет бекіткен 2024-2028 жылдарға арналған шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Кешенді жоспарында 50 шекара заставасын салу көзделгенін атап өтті. 2023 жылы 20 шекара бөлімшесін салу жоспарланған болатын алайда нысандар пайдалануға берілмеді. Жеке заставаларда іргетас жұмыстары да аяқталған жоқ. Бүгінгі таңда орындалған жұмыстардың жалпы көрсеткіші 60-80% – дан аспайды.
“Әртүрлі алаңдарда бірнеше рет өткізілген кеңестер, көшпелі отырыстар, Көлік министрлігі мен мердігерлердің өкілдерін тыңдау, айыппұл санкцияларын қолдану оң нәтиже бермеді, бұл объектілерді тапсыру мерзімін 2025 жылға ауыстыруға алып келді. Бұл жағдай Солтүстік шекаралардың қорғаныс қабілетін нығайтуға бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бойынша жұмысты нөлге дейін төмендетеді. Шекарашылар мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік–тұрмыстық жағдайлары да шешілмеген“,-деді ол.
Шекара қызметінің басшысы солтүстік бағытта қосымша 112 застава салу қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін Президенттің шешімі немесе тапсырмасы бойынша Үкімет айқындаған адаммен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізу ұсынылады, яғни жұмысты орындай алатын нақты Орындаушы айқындалатын болады. Сонымен қатар, 30 өткізу пунктін қайта құру қажет.
“Өте үлкен жұмыс көлемі. Ресей Федерациясы өзінің өткізу пункттерін қайта құру жұмыстарын бастады. Егер біз кешігіп қалсақ, онда біздің тарапымыздан кезекке тұрған шағымдар болады. Ресей тарапынан кезек жоқ, өйткені пункттердің инфрақұрылымы көлік құралдарының өтуін қамтамасыз етеді, ал бізде бұрынғыдай қалады“,-деді Алдажуманов.