Балхаштағы аэропорт модернизациядан өтуде
Бірінші кезең 2024 жылдың желтоқсанында аяқталды.
Балқаштағы әуежайды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жолаушылар ағынын жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғырту екі кезеңде жүргізіледі: такси жолдары мен перрондарды қайта жаңарту, сондай-ақ аэровокзал ғимаратын күрделі жөндеу және арнайы автокөлік қызметі үшін үй-жай салу. Жұмыстың бірінші кезеңі өткен жылдың желтоқсан айының соңында аяқталды, делінген Қарағанды облысы әкімдігінің хабарламасында.
“Құрылысшылар бетон жабынының екінші қабатын төседі, бұл шамамен 114 мың шаршы метрді құрайды. Заманауи жарық сигнал беру жабдықтарын орнатады, қауіпсіздік жолақтарын, дренаждық жүйелер мен тазарту қондырғысын жабдықтайды. Қыркүйек айынан бастап аэровокзалды қайта жаңарту және арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы жалғасуда. Барлық жөндеу–құрылыс жұмыстарын аяқтау осы жылға жоспарланған,-деп атап өтті әкімдікте.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жөндеу Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының ұсынылған тәжірибесіне сәйкес жүргізілгенін айтуда.
Бұдан басқа, жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің толық спектрін көрсету үшін бюджет қаражаты есебінен мамандандырылған әуеайлақ техникасын кезең–кезеңімен сатып алу мәселесі пысықталуда. Бірінші кезекте қажетті арнайы техниканы сатып алу жоспарлануда: әуеайлақтық өрт сөндіру автокөлігі, тартқыш, жанармай құюшы және өздігінен жүретін трап,- делінген хабарламада.
Жаңғырту толық аяқталғаннан кейін Балқаштан Шымкент, Жезқазған және Түркістанға ұшу географиясын кеңейту жоспарлануда.