Мемлекеттік жәрдемақылар: көп балалы отбасылар 546 млрд теңге алды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Мемлекеттік жәрдемақылар: көп балалы отбасылар 546 млрд теңге алды

14

2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға төленген мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы сомасы 546,3 млрд теңгені құрады. Бұл орта есеппен 818,1 мың адаматалмыш төлемдермен  қамтылды деген сөз.  Оның: 579,5 мыңы көпбалалы отбасы, оларға берілгенжәрдемақы соммасы 474,1 млрд теңгені құрады. 238,5 мыңы наградталған аналар. Оларға беріген жәрдемақы — 72,1 млрд теңге, деп хабарлайдыDKnews.kz”.

4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақыны алуға үміткер бола алады. Көп балалы отбасына төленетін төлем мөлшері балалар санына қарай сараланады және 2025 жылы мыналарды құрайды:

4 балаға  16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

5 балаға  20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

6 балаға 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

7 балаға 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

8 және одан да көп балаға – 4 АЕК-тен немесе әр балаға 15 728 теңгеден.

Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі Ана даңқы ордендерімен наградталған аналарға да жәрдемақы тағайындалады. Наградталған ананың жәрдемақысы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:

Күміс алқа алқаларымен марапатталғандарға6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

Алтын алқа алқасымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі Ана даңқы ордендерімен наградталған7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%ға артқанын атап өткен жөн.

 

Advertisements