4 айда Солтүстік Аралға 1 миллиард текше метр су келді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

4 айда Солтүстік Аралға 1 миллиард текше метр су келді

17

2024 жылдың қазан 2025 жылдың қаңтар айларында Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текше метрге артық.

2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін артадыі деп күтілуде. Суды үнемдеу технологияларын қолдану және Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушылардың көмегімен теңестіру Солтүстік Арал теңізіне жіберілген шамамен 200 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік берді,-дейді ведомстводағылар.

Орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін өсті, деп атап өтті су және суару министрлігі. Үлкен Арал теңізінің құрғақ аумағында 4,4 миллион көшет отырғызылды. 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізінің түбін көгалдандырудың жалпы ауданы 1,1 миллион гектарға жетуі керек.

 

Advertisements