Астанада қыз биіктен құлап, қаза тапты

9 ақпанда Астанада қайғылы оқиға орын алды — жас қыз биіктіктен құлап, қайтыс болды.
Куәгерлер бұл оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын хабарлады.
“16 жастағы қыз 16–қабаттан жертөленің төбесіне құлады“, — деді оқиға куәгерлері.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда тұрғынының денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Болған оқиғаның мән — жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде“, – деді ведомстводағылар.