Шымкент әкімі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысымен танысты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент әкімі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысымен танысты

10

Шаһар басшысы қаланы аралау барысында Әл-Фараби ауданында “Шымкент-1” газ тарату станциясының жұмысымен танысты.

Сағатына 80 000 м³ газ жеткізу қуатына ие бұл станция қала тұрғындарын тұрақты әрі үздіксіз газбен қамтамасыз етеді. Магистральды газ құбырларын басқару филиалының басшылығы нысанды пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берді.
Әрі қарай Қаратау ауданында Назарбаев даңғылы мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында салынып жатқан көлік өткелінің жобасымен танысты. Бұл жоба аталған көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қала әкімі Абай ауданында еліміздегі ең ірі жылыжай кешені – “Alsera KZ” ЖШС құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі таңда құрылыс қаңқасының монтаждау жұмыстары 80%-ға аяқталған. Инвестор жобаның алғашқы кезеңін (15 га) биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр. Жауапты басқармаларға кешенді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Advertisements