Кәрім Мәсімовтің үйі бәс саудаға шығарылды

Астанада Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды.
Бұл туралы “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС хабарлады.
Сауда-саттық 2025 жылдың 25 ақпанда сағат 10:00-де e–Qazyna веб–платформасында өтеді. Бастапқы бағасы – 1,8 миллиард теңге (3,5 миллион доллар). Аукцион ағылшын әдісі бойынша (жоғарылату) өткізілетін болады.
“Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ш/а, Ерейментау көшесі, 1 орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылды. Объект сауда-саттықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекелестік шарттарда іске асырылады,- деп атап өтті компаниядағылар.
Сондай-ақ, компания объектіге сілтеме жасады.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 2024 жылғы 6 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінен шеттетілген болатын. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары–Әнуар Садықұловтың (“А“ арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) және Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны туралы хабарланды.
Тоқаев ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімовке кешірім жасаудан бас тартты.