Шымкентте Ұлттық мектеп лигасы басталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте Ұлттық мектеп лигасы басталды

11

2025 жылғы 4 наурызда Шымкент қаласында Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Шара жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Жарыстар баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, шахмат, асық ату, жеңіл атлетикалық кросс, гандбол, үстел теннисі спорт түрлерінен өтеді. Биыл мектепішілік жарыстарға 64 320 оқушы, аудандық кезеңге 34 320 оқушы қатысты. Қалалық жарыстарға 8 580 оқушы іріктелді.
Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Арман Ташметов, Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Айтбаева, сондай-ақ облыстар мен қалалардың өкілдері және танымал спортшылар қатысты.
Шара аясында жанкүйерлер үшін спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Қатысушы спортшы оқушыларға сәттілік тілейміз!
Advertisements