Жолаушы вокзалда 2 млн теңгесінен айырылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Жолаушы вокзалда 2 млн теңгесінен айырылды

5

Қалта ұрысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының автобекетіндегі күту залында бейқам ұйықтап жатқан жолаушының қалтасынан қомақты сомма салынған әмиян қолды болды.

Сұғанаққолды ұры шапшаң әрекет еткен.  Бірақ оның әрекеті қауіпсіздік камераларына түсіп қалыпты. Бейнежазба полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға көмектесті. Белгілі болғандай, ер адам осыған ұқсас қылмыстар үшін сотты болған  — ол үшін бөтен адамдардың қалталары бұрыннан табыскөзі болып келген.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұры қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қалта ұрысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Advertisements