Қазақстанда ресейлік косметикаға сұраныс артты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстанда ресейлік косметикаға сұраныс артты

18

Қазақстанда ресейлік косметика мен парфюмерияға сұраныс екі есе өсті.

Ақпан айында Ресей Федерациясынан елімізге күту заттары, сәндік косметика және парфюмерия жеткізу екі есеге жуық өсіп –2 0,1 миллион долларға дейін жеткен. 

Қазақстанға жеткізілген өнімдің басым үлесі қыстың соңғы айына тиесілі. Ресейлік тауарлардың ішінде сұранысқа ие болғаны  –   шашқа арналған өнімдер, яғни түрлі лактар мен сусабындар (47%).

Екінші орындакосметика (46%) макияж, тері күтімі, маникюр және педикюр өнімдері. Қалған көлем парфюмерия мен иіссуға  түсті.

Ресей экспорты Қазақстанның сұлулық нарығында айтарлықтай үлеске ие. Ресей ел импортының үштен бірінен астамын қамтамасыз етеді.

Ресей Қазақстанға косметикалық емес басқа да өзін-өзі күту құралдарын белсенді түрде жеткізеді. Мысалы, ауыз қуысына арналған гигиена құралдарының қазақстан импортының үштен бірінен астамы және эпиляцияға арналған құралдар, ванна қабылдауға арналған құрамдар ақпан айында Ресейден жөнелтілді.

Advertisements