Пойызда босанып, нәрестені терезеден лақтырып жіберді - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Пойызда босанып, нәрестені терезеден лақтырып жіберді

5

20 сәуірде Қызылорда Астана бағытындағы жолаушылар пойызында  жолаушыларды дүр сілкіндіріп, жаға ұстатқан  оқиға орын алды. 

Жолаушы әйелдің пойызда толғағы басталып,  босанады. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң жаңа босанған келіншек нәрестені вагонның терезесінен лақтырып жіберген.

Жаңа туған нәрестенің денесі табылды, өкінішке орай, ол тірі қалмады.

Құзырлы орган ақпаратты растады және болған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Advertisements