Ержан Биржанов жаңа лауазымға тағайындалды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Ержан Биржанов жаңа лауазымға тағайындалды

18

Астанада Қазақстан триатлон федерациясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті. Онда федерацияның жаңа президенті сайланды. Бұл туралы 22 сәуірде ҚР Туризм және спорт министрлігінде айтты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, федерацияның 2023-2024 жылдардағы қызметі қорытындыланды.  Одан әрі дамудың басым бағыттары айқындалды, сондай-ақ федерация президентін сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды. Осы уақытқа дейін ол бірінші вицепрезидент қызметін атқарған. Бұрынғы басшы Дәурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Айта кетейік, Ержан Биржанов 2022 жылдың шілдесінен бастап ҚР қаржы вице-министрі лауазымында.

Advertisements