Жас жігіт Алматы тауларында адасып кетті

Алматы облысының тауларында жас жігіт жоғалып кетті. Құтқарушылар оны 3 мың метрден астам биіктікте іздестірді.
2005 жылы туған жас жігіт Алматы облысы Талғар ауданының тауларынан түсіп бара жатып, жолдан адасып, құтқарушыларға көмегіне жүгінді.
ТЖМ Республикалық жедел–құтқару жасағының жедел тобы дереу “Медеу“ бекетінен шығып, Кимасар шатқалындағы көпірге жетті, содан кейін биіктігі 3053 метр болатын Фурманов шыңына қарай жаяу жүрді.
“Ауа-райының қолайсыздығына: жаңбыр, қалың тұман және шектеулі көрінуге қарамастан құтқарушылар туристті тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, елді мекенге жеткізді. Оған медициналық көмек қажет емес еді“, – деп хабарлады ведомстводан.