Шымкент: Дәрігерлер бір айлық сәбидің өмірін сақтап қалды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Дәрігерлер бір айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

5

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл жағдайда бір айға да толмаған сәби жеткізілген. Анасының айтуынша, егіз балалардың бірі түнде тыныс алмай, ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер диагноз қойғандай, бұл – клиникалық өлім жағдайы.

Санаулы уақытта реаниматолог дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел шешім қабылдауының арқасында, баланың жүрек соғысы мен тыныс алуы қалпына келтірілді.
Нәтижесінде, сәбидің жағдайы тұрақтандырылып, жан сақтау бөлімінен нәрестелерге арналған бөлімшеге ауыстырылды. Емдеу шаралары нәтижесін беріп, аз ғана уақыт ішінде баланың денсаулығы қалпына келіп, үйіне аман-есен шығарылды.
Шымкенттік ақ халатты абзал жандардың кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегінің арқасында сәби өмірге қайта келді.
Advertisements