Орталық Азиядағы ең ірі сүт фермасы Қазақстанда іске қосылады

Қызылжар ауданы Новоникольское ауылындағы “Зенченко және К“ шаруа қожалығында сүт шаруашылығы бағытында ауқымды инвестициялық жобаны іске асырылуда. Мегаферманың құны 8 000 бас ірі қара малға 9 млрд теңгені құрайды.
Сүт кешені Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия бойынша да ең көлемдісі болмақ. Толық қуатқа шыққаннан кейін жыл сайынғы өндіріс шамамен 26000 тонна сүтті құрайды деп күтілуде.
Кешеннің жобалық құрылымына 7 ғимарат бар. Оның 3-еуі әрқайсысы 1280 басқа арналған қора. Ферманың ерекшелігі бір мезетте 90 басқа арналған “карусель “ типті жоғары технологиялық сауу қондырғысы. Бұл процестердің жоғары өнімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, сағатына 700 басқа дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы және ішкі нарықты жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етудегі маңызды қадам болады, жаңа жұмыс орындарын ашады және ауылдық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.