Семей: Жоғалған бала аман-есен табылды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Семей: Жоғалған бала аман-есен табылды

10

 Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Жұмағалиев Дархан жоғалған баланы тапты.

Семей қаласында 21 маусым күні кешке хабар-ошарсыз кеткен жеті жасар баланы табу үшін ауқымды іздеу операциясы басталды. Полицейлердің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Бала үйден шамамен 10 км қашықтықтағы орманды алқапта табылды.

Advertisements