Global Glass – Шымкенттің индустриялық әлеуетін арттыруда - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Global Glass – Шымкенттің индустриялық әлеуетін арттыруда

7

Шымкент қаласында 7 индустриялды аймақ бар. Онда 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды. «Ордабасы» индустриалды аймағындағы – Global Glass содай сәтті жобалардың бірі. Бұл жоба – «Авангард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Мамытбековке тиесілі.

«Авангард» зауыты Global Glass сауда белгісімен – шыны конструкцияларды өңдеу және өндірумен айналысады.

Шыны – заманауи дизайндағы ең танымал материалдардың бірі. Ол терезе, айна, есік, шыны қоршаулар және басқа да көптеген интерьер заттарын жасау үшін қолданылады. Алайда, әйнекпен жұмыс істеу ерекше назар мен дағдыларды қажет етеді. Осыны түсінген және өзгелерді осыған баулый білген Мұрат Сауытбекұлы 2023 жылы өзінің шыны конструкцияларды өңдеу және өндірумен айналыстын зауытын ашады. Кәсіпорынның тұсауын премьер-министр Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келгенде кесіпті.

Кәсіпорынның басшылығы «зауыттың қуаттылығы жылына 800 мың шаршы метр шыны конструкциясын шығаруға жетеді» деп отыр. Ең бастысы, бұл жобаға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілген болатын. Дәлірегі, зауыт құрылысы үшін 2021 жылы «Халық Банкінен 20,5%-бен несие рәсімделіп, оның 13,5%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидияланды.
Бүгінде кәсіпорын 90 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шикізат Ресейден әкелінеді.

«Біздің кәсіпорынға өнім дайын күйінде келеді. Шыныны өңдейміз, кесеміз,тесеміз, оны тазалаймыз. Арнайы станокпен шынының шеттерін өңдеп, тапсырыс берушінің қалауына қарай дизайнын жасаймыз. Бізде шының бірнеше түрі бар, оны техникалық түрде өңдеп, көп мақсатта қолданамыз»,-дейді зауыт басшысы.

Зауыт басшысы Мұрат Мамытбековтің сөзіне сенсек, зауыт өнімді сапалы, нарыққа сай бағада және тапсырыстарды дер кезінде орындап отыр. Сондықтан да, болса керек Global Glass-қа сұраныс көп.

«Кәсіпорынның өнімі тек ішкі нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға да экспортталады. Бірақ, ішкі нарықтағы сұраныс тым көп. Алматы, Астана мен Шымкенттен артылмайды» ,-деп отыр.

Шыныны өңдеу жұмыстары Еуропа технологиясымен, Германиядан, Австриядан және Италиядан алдынған заманауи, өте дәл және озық жабдықта жүргізіледі. Соның арқасында бірегей пішіндерге қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Айжан Ермекқызы

Түртіп ал!

Кәсіпорын: – әртүрлі конфигурациядағы және қалыңдықтағы екі қабатты терезелер,
– шыңдалған және көп қабатты (триплекс) шыны,
– жұмсақ және қатты жабыны бар энергия үнемдейтін шыны,
– фацеттелген, күңгірттенген және сәндік әйнектің басқа түрлерін өңдейді.
.Өнімнің техникалық сипаттамалары: Кәсіпорын жеке және үлгілік параметрлер бойынша өнім шығарады:
* Екі қабатты терезелер: бір камералы және екі камералы (қалыңдығы 24-тен 80 мм-ге дейін)
* Шыңдалған шыны: қалыңдығы 4-тен 12 мм-ге дейін
* Көп қабатты әйнек (триплекс): 6-дан 20 мм-ге дейін
* Энергияны үнемдейтін әйнек: төмен эмиссиялық (төмен-E), көп функциялы.
Өнімнің ерекшелігі:
* Жоғары жарық өткізу қабілеті
* Жоғары жылу және дыбыс оқшаулау
* Соққыға төзімділік және жойылу қауіпсіздігі
* ГОСТ және халықаралық стандарттарға сәйкестігі
* Аргонмен, декоративті макеттермен және шпростармен екі қабатты терезелер жасау мүмкіндігі.
Өндірістің артықшылықтары:
* Заманауи еуропалық жабдықтар
* Жоғары сапалы шикізатты пайдалану
* Өндірістің әр кезеңінде сапаны бақылау
* Жеке тапсырыстарды орындау кезінде икемділік.

 

Advertisements