Коллекциялық монеталар сатылымға шығарылуда
20 наурызынан бастап ERÝLIK, ÙNDILIK TANYM және S. Nurmagambetov. 100 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығады.
Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа коллекциялық монеталарды сатудың басталғаны туралы хабарлады. Олардың әрқайсысы ұлттық мұраға және ел тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған. Монеталарды Халық банктің ресми интернет–дүкенінен сатып алуға болады.
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан – ERÝLIK монетасы үш нұсқада ұсынылған: – 925 күміс.«Интерференциялық құбылмалы қабат» технологиясы қолданылған. Салмағы – 24 г, диаметрі — 37 мм, дайындау сапасы proof, номиналы — 1000 теңге, таралымы–1000 дана.
– Мельхиордан (МН 25), салмағы — 15 г, диаметрі — 33 мм, brilliant uncirculated сапасы, номиналы — 200 теңге, таралымы — 10 000 дана.
– Нейзильберден (МНЦ 15-20), салмағы — 11,17 г, диаметрі — 31 мм, uncirculated сапасы, номиналы — 200 теңге, таралымы — 100 000 дана.
ÙNDILIK TANYM монеталарының құрамында тантал бар, 925 сынамалы күмістен күрделі технологиямен дайындалған. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.
NURMAGAMBETOV. 100 JYL монетасы мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Сату 2025 жылдың 20 наурызында Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет–дүкенінің ресми сайтында басталады.