Қазақстанда зираттағы орынды сатқандар жазаланады - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Қазақстанда зираттағы орынды сатқандар жазаланады

11

ҚР Премьерминистрі Олжас Бектенов салттық қызметтер саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және зираттардағы учаскелерді заңсыз бөлу мен сату үшін жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол сенатор Андрей Лукиннің депутаттық өтінішіне ресми жауапта хабарлады.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда зираттардағы қызметті реттеу және лицензиялау жүйесі жоқ, соның нәтижесінде көрсетілетін қызметтердің құнынжерлеу үшін орын бөлу, қоршаулар орнату және басқалары зират әкімшіліктері белгілейді.

“Осыған байланысты зираттардағы орындарды заңсыз бөлгені және сатқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселені Үкімет, оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігімен пысықтайтын болады”,-делінген премьерминистрдің жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жер кодексіне сәйкес қайтыс болған әрбір тұрғынға немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға кемінде 6 шаршы метр тегін жерлеу учаскесі беріледі.

Алайда, іс жүзінде мұндай учаскелерді сату жағдайлары жиі тіркеледі.

Advertisements