Шымкент: Жасөспірімдер арасында халықаралық теннис турнирі өтуде - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Жасөспірімдер арасында халықаралық теннис турнирі өтуде

6

Теннис орталығында халықаралық деңгейдегі ірі жарыс — ITF Junior Billie Jean King Cup Asia/Oceania Final Qualifying турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Турнирдің ашылуында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Доскараев, сондай-ақ Азия және Халықаралық теннис федерацияларының ресми өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Аталған турнирге Азия мен Мұхит аймағынан келген 16 елдің ең үздік жас теннисшілері қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Австралия, Жапония, Қытай, Үндістан, Корея, Өзбекстан, Иран, Таиланд, Малайзия және басқа да елдердің құрамалары бар.
Айта кетейік, 19 мамыр күні осы алаңда ITF Junior Davis Cup Asia/Oceania Final Qualifying турнирінің ашылу рәсімі өтеді.
Advertisements