Шымкенттік спортшы халықаралық турнирде топ жарды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкенттік спортшы халықаралық турнирде топ жарды

5

Қазақстандық мергендер Чехияда өтіп жатқан халықаралық турнирде екі бірдей медаль жеңіп алды.

Қазіргі таңда Чехияның Пльзень қаласында нысана көздеуден дәстүрлі 53rd Grand Prix of Liberation Pilsen 2025 халықаралық турнирі өтуде. Бұл жарысқа әлемнің 27 елінен 640 спортшы қатысуда.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеуден ерлер арасында өнер көрсеткен шымкенттік спортшы Асадбек Назиркульев қарсыластарынан оқ бойы озып, алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені Швеция спортшысы алса, қола медаль Польша өкіліне бұйырды.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Фатима Ирназарова қола жүлдегер атанды.
Advertisements