Шымкентте журналистер арасында дәстүрлі спартакиада басталды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкентте журналистер арасында дәстүрлі спартакиада басталды

14

21–22 маусым күндері Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шымкент қаласында БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі Спартакиада ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шараның мақсаты – денсаулықты нығайту, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ журналистер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру. Биылғы жарыс бағдарламасына футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярд спорт түрлері енгізілді.
Бүгін Спартакиада салтанатты түрде ашылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова құттықтау сөз сөйлеп, аталған спорттық дода БАҚ өкілдері арасындағы бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.
Спартакиада аясындағы жарыстар ертең футбол бәсекелерімен жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қорытынды күні арнайы марапатталады.
Іс-шараны ұйымдастыруға Шымкент қаласы әкімдігінің Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мұрындық болып отыр.
Advertisements