Шымкент: Сенат депутаты №6 қалалық емхананың қызметімен танысты - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Сенат депутаты №6 қалалық емхананың қызметімен танысты

0
40
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров №6 қалалық емхананың қызметімен танысып, мамандармен әңгімелесті. №6 емханаға бүгінде 60 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Өткен жылы Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар арасында алғаш болып «Үздік тәжірибелік орталық» жүйесі енгізілген еді.
Нұрлан Құдиярұлы «Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету», «Халық кеңесі» кабинетінің жұмыс барысын аралап көрді. Емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Ерғалиқызы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын егжей-тегжейлі таныстырып өтті.
Сенатор «Үздік тәжірибелік орталық» қызметтері, фронт-офис, денсаулық мектептері, пациенттерге медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруда қолға алынған жұмыстарды оң бағалады. Тұрғындармен психологиялық-моральдық қатынасты жақсартудың маңызы зор екенін айтып, ендігі кезекте жаңа бөлімдердің жұмысын халыққа кеңірек түсіндіру қажет екенін мәлімдеді.
Advertisements