Түркістан: Әлеуметтік осал топтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Түркістан қалалық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында борышкерлерге, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және мүгедектігі бар жұмысқа жарамды азаматтарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс беруші мекемелер төмендегідей жұмыс орындарын ұсынды: Тұрақты жұмыс – 22 мекеме, 115 бос жұмыс орны; “Жастар практикасы” – 100-ден аса мекеме, 1 382 бос жұмыс орны; “Қоғамдық жұмыстар” – 100-ден аса мекеме, 583 бос жұмыс орны; “Әлеуметтік жұмыс орындары” – 20-дан астам мекеме, 73 бос жұмыс орны; “Күміс жас” жобасы – 11 мекеме, 41 бос жұмыс орны.
Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар олар жұмыспен қамту бағдарламалары мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат алды.
Бұл шара әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және кәсіби бейімделуіне ықпал етуді көздейді.