Жамбыл облысында жаппай улану: 10 бала ауруханада, біреуі — реанимацияда

Жамбыл облысының Меркі ауданында бір балабақшаның 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті. Бір бала реанимацияда жатыр,-деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 наурызда Меркі аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне Меркі ауылында (Ойтал учаскесі) орналасқан мектепке дейінгі білім беру оқу орталығының 10 тәрбиеленушісі түсті. Оның ішінде 9 жағдай “жедел ішек инфекциясы“ диагнозымен, 1 жағдай — “энтеровирустық инфекция“диагнозымен тіркелді.
“Бір тәрбиеленуші реанимация бөлімінде, жағдайы тұрақты (оң динамика байқалады)“, — деп атап өтті Жамбыл облысы әкімдігінде.
Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша, әрбір жағдайды егжей-тегжейлі зерттейтін жұмыс тобы құрылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Қажет болған жағдайда ауруханада қосымша кереуеттер орналастырылатын болады. Меркі ауданының санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізеді, барлық сынамалар алынды, мамандар сараптама қорытындысын күтуде.