Жезқазған тұрғыны есірткі жарнамасы үшін түрмеге тоғытылды
Жезқазғанның 26 жастағы тұрғыны есірткі жарнамасы үшін түрмеге түсті.

Дереккөз: Zakon.kz
Жас жігіт тыйым салынған заттарды сатып алуға болатын сайттардың мекен-жайлары бар жарнамаларды жапсырған кезде ұсталды.
“Сот қала тұрғынын кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді“,–деді Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомство есірткі заттарын таратқаны үшін ғана емес, оларды жарнамалағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.
Бұған дейін есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Ақтөбеде өз үйінде 12 миллион теңгеге тыйым салынған заттарды сақтаған 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған еді.