Шымкентте бала шұңқырға құлап, қайтыс болды
12 сәуірде бірінші сынып оқушысы ағынды суға толы шұңқырға құлап, қайтыс болды. Оқиға Шымкенттегі Тұран-2 шағынауданында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, бала сағат 17: 00 шамасында үйден кеткен. Ұзақ уақыт оралмаған кезде туыстары оны іздей бастапты. Бірнеше сағаттан кейін, сағат 22:00 шамасында оның денесі тереңдігі екі метр және ұзындығы шамамен 50 метр болатын шұңқырдан табылды.
Тұрғындардың айтуынша, шұңқыр бірнеше жыл бұрын көп қабатты үйлерге арналған септик үшін қазылған, бірақ жұмыс тоқтатылып, қауіпті нысан қоршаусыз және ескерту белгілерінсіз қалған.
Содан бері шұңқыр біртіндеп ағынды суға толған. Жергілікті тұрғындар әкімдікке және басқа да жауапты органдарға шара қабылдау және аумақты қорғау туралы бірнеше рет өтініш білдірген — нәтиже жоқ деп отыр.
Шұңқырдың жанында мектеп пен балабақша бар екендігі ерекше алаңдаушылық тудырады. Ата-аналар егер биліктің әрекетсіздігі жалғаса берсе, қайғылы жағдай қайталануы мүмкін деп қорқады.
Баланың денесі сот–медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.