Өскемен: Алаяқ мессенджер арқылы бір адамға 7 кредит рәсімдеген

ШҚО тұрғыны цифрлық алаяқтықтың құрбаны болды. Ол мессенджердегі белгісіз тұлғаға сенді. Осылайша, оның атына 800 мың теңгеден астам соммаға жеті шағын несие ресімделді.
Анықтағандай, алаяқ ер адамнан бір реттік растау кодын алған. Бұл микроқаржы ұйымдарының онлайн–сервистері арқылы бірден бірнеше несие рәсімдеу үшін жеткілікті болыпты. Жәбірленушіге берешек туралы хабарламалар түсе бастағанда ғана ол алданғанын түсінеді.
Жедел іс-шаралар аясында күдікті ұсталды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция еске салады: ешқашан кодтарды, парольдерді және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіз — тіпті хабарлама достардан немесе банктерден келген болса да. Алаяқтар әртүрлі схемаларды қолданады — несие рәсімдеуден бастап шоттарды ұрлауға дейін.