Шымкенттік жоғалған оқушы қыз Алматыдан табылды

“Жасөспірім” жедел–алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жоғалған шымкенттік оқушыны Алматыдан тапты.
Полицияның хабарлауынша, Пушкин көшесіндегі аллеяны патрульдеу кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қыз анықталды.
“Кәмелетке толмаған оқушы Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетінше келгенін түсіндірді. Полиция қызметкерлері оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдады. Қыз заңды өкілдері келгенге дейін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды“, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қыздың ата-анасымен және жақындарымен отбасылық байланыстарды нығайтуға және өз бетінше кетудің қайталанған жағдайларын болдырмауға бағытталған жеке профилактикалық жұмыс жүргізіледі,-деді тәртіп сақшылары.