Ақтөбе: Мопед басқарған жасөспірім апатқа ұшырады

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім бағдаршамның қызыл түсін елемей, мопедпен жолға шығып Toyota Camry көлігімен соқтығысты.
Тіркеу нөмірі жоқ мопед жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне жол қозғалысын жалғастырып, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жеңіл автомобиль қозғалыс бағытын өзгертіп Ваз көлігімен соқтығысады.
Апат 13 сәуірде болған. Кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі жарақат алып, Ақтөбедегі көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.