Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпулері 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да ТЖМ “ННЦСНИ“ ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.
“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанның аумағында Алматыдан солтүстік–шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан“, – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмегені атап өтілді.
Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, магнитудасы 4,6 жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Энергетикалық класс 10,6 құрады.
Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуірде Тәжікстанда жер сілкініп, Қазақстан мен Өзбекстанда сезілген еді.