ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
72
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
 Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс салаларынан техникалық және жүргізуші, дәнекерлеуші-механик, электрик сынды 100-ден астам бос жұмыс орындарына шақырды. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының мамандары қосымша «Enbek.kz» сайтында тіркелген 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.
 Пробациялық бақылауда жүрген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсеу аса маңызды. Сала мамандары бұл тұрғыда жұмыс орындарына жолдама беріп, қажет болған жағдайда жұмыс беруші мекемелермен қайта тілдесу ұйымдастыруды көздейді.
 80-ге жуық ізденуші қатысқан шара нәтижесі бойынша 32 адамға жұмыс орындарына жолдама берілді. Қалғандары бойынша жұмыс беруші мекемелермен қосымша тілдесу жүргізілу жоспарлануда.
Advertisements