ШЫМКЕНТ: КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП ОТЫРМЫЗ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТ: КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП ОТЫРМЫЗ

0
38
2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментімен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталып, бүгінде істің 90 пайызы сотқа жолданып отыр.
Бүгінгі таңда қаламыздағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында нақты көрсеткіштер және нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.
2024 жылдың 5 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте.
Қылмыстық істер бойынша 22 мыңнан аса дайын алкоголь өнімдері, 2 мың литрден аса құрамында спирті бар сұйықтық, 9 900 литр спирт, 885 литр вино, 140 қорап қақпақ, есепке алу маркалары – 4 рулон, этикетка – 20 рулон, станок – 2 дана, филтр 4 дана, 2000 нан аса бос бөтелке тәркіленіп алынған.
Advertisements