Шымкент жастар театры алғашқы қойылымын қойды - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент жастар театры алғашқы қойылымын қойды

10

Көптен күткен алғашқы қойылым өз көрерменін тапты. Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, жүректерге жол тапты.

Қойылым барысында көрермендер отбасылық құндылықтарды қайта саралап, нашақорлық сынды қоғам дертіне бей-жай қарамауға үндейтін сахналық көріністерден әсер алып, терең ойға батты. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қазақы болмысымызды дәріптеген көріністер жастардың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
Бұл – Шымкент Жастар театрының алдағы шығармашылық жолындағы үлкен бастамасы.
Advertisements