Әкесі мен ұлы найзағайдың құрбаны болды

Кеше, 1 маусымда Ақмола облысында қайғылы оқиға орын алды – ер адам мен балаға найзағай түсіп, қаза тапты. Полиция олардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Оқиға туралы Sinegor басылымы хабарлады. Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Ақадыр ауылының маңында болған.
“Күн күркіреп, найзағай ойнады. Сол кезінде найзағай екі адамға — 37 жастағы ақмолалық пен 9 жастағы балаға тиді. Біз олардың екеуі де оқиға орнында қайтыс болғанын қайғырып хабарлаймыз“, – делінген басылымда.
Оқиғаның куәгерлері бар, сол жерде кезекші тергеу–жедел тобы жұмыс істеді.
Әкесі мен баласы мал бағып жүргенде қаза тапқаны айтылады. Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.