КЕНТАУЛЫҚ ЖАСТАР АРАСЫНДА САДАҚ АТУДАН САЙЫС ӨТТІ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

КЕНТАУЛЫҚ ЖАСТАР АРАСЫНДА САДАҚ АТУДАН САЙЫС ӨТТІ

0
66
Кентау қаласында орналасқан “Динамо” алаңында “Жастар еліміздің болашағы” атты пробацияда бақылауда тұратын жастар мен қала тұрғындары арасында “Дәстүрлі садақ ату” жарысы ұйымдастырылды.
Игі іс-шараға қаланың прокуроры Ардақ Сапарғалиұлы және Кентау қаласы пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Исаев Атабек, қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Мұратша Түнтеков пен «Әжелер алқасының» төрайымы Роза Жұмабайқызы қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Атаулы шара Кентау қаласының әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен қолға алынды.
Жарыстың мақсаты, ұлттық ойындарымызды жастар арасында дәріптеу, достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру екені белгілі. Сонымен қатар, сайысқа келген қонақтар мен қатысушыларға түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды.
Сайысқа жастар арасынан 30-дан астам ойыншы қатысып, үздіктерге бағалы сыйлықтармен қоса, қала әкімінің орынбасары А.Байболованың алғыс хаттары табысталды. Алаңда рухты әндер шырқалып, жиын соңы мерекелік кешке ұласты.
Advertisements