ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРҒА ХАЛҚЫ АЗ ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жетісай ауданына Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданынан арнайы делегация келді. Бұған дейін «Еңбек» бағдарламасы тек 4 облысты, яғни Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтып келген болса, енді бұл бағдарламаға Қарағанды облысының өңірлері де қосылды.
Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесудің басты мақсаты – аудан тұрғындарына көші-қон бағдарламасын кеңінен түсіндіру, халқы аз солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды таныстыру.
Жетісай қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіндегі жүздесу барысында делегация мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданына қоныс аударуға ниетті азаматтарға бос жұмыс орындары жайында кеңінен мәлімет беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаралатын жеңілдіктер мен қолдаулардың барысымен таныстырып, жергілікті тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиынға қатыса алмай қалған, алайда қоныс аударуға ниетті азаматтар Уәлиханов ауданық «Мансап» орталығы филиалының +7 775 272 90 89; +7 771 896 95 19 байланыс нөмірлері арқылы толық ақпарат ала алады.