Шынасылдың адвокаты Шерзат Полатты әкесі жарақаттауы мүмкін деп мәлімдеді

Сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Думан Әбенов жарыссөз барысында Шерзат Полатты туған әкесі Қаржаубай Нұрымов пышақтап өлтірген болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Адвокат Жұман Әбенов өз сөзінде, бірде–бір сараптама сотталушы Шынасылдың кінәсін көрсетпегенін айтты.
“Қан болған жоқ. Бұл пышақ көптеген пышақтарға ұқсайды. Дәл осы пышақ екенін дәлелдеу керек еді. Пышақтан қан табылған жоқ. Бірақ бір ДНҚ шықты. Және бұл пышақ Шерзаттың жарасына тура келмейді.
Шерзаттың киімдері алынды, сараптама пышақтың осы киім арқылы қолданылғанын анықтауы керек еді. Жәбірленушінің бір пышағы бар, ал сараптамаға асханалық пышақ берілді. Неліктен олар бұл пышақты жасырды?
Ол абайсызда (Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов) баласына өзі пышақ сұғып алуы мүмкін. Неліктен біз осы нұсқаны қарастырмаймыз. Бәлкім сондықтан шығар пышақ жасырылдыы. Бұл пышаққа сараптама жүргізілмеген. Олар неге жасырды?“- дейді адвокат.
Ол тағы да өзінің қорғалушысын басқа бап бойынша тергеу керек деп мәлімдеді және Абзал Шынасылды “кісі өлтіру” бабы бойынша ақтауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан топтық төбелес Талғарда 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні болған. Жанжал салдарынан жасөспірімнің ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та зардап шекті.
Сотталушылар орындығында 9 адам : Абзал Шынасыл, Равиль Закиев, Шыңғыс Белхожаев, Дархан Есентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет және қылмыс туралы хабарламады деп айыпталған кәмелетке толмағандар бар.
Айта кетейік, сотталушы Абзал Шынасыл ҚК 99–бабының 2–бөлігінің 5, 9, 14–тармақтары (кісі өлтіру), 24–бабының 3–бөлігі, 99–бабының 2–бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары (кісі өлтіруге оқталу), 293–бабының 3–бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталуда.
Негізгі сот процесінің басында ол кінәні ішінара мойындайтынын мәлімдеді. 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіргенін мойындамады.