ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

0
62
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндады. Жиын басында қала әкімі есептік кездесудің мақсатын жеткізді.
— Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп отырмыз. Халықтың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, ашық байланыс орнату — Президенттің тікелей тапсырмасы. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-мағынасы осында. Яғни, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыс жүйесін өзгертеміз. Енді тиісті мамандар сіздердің күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріңізді біліп, араларыңызда жүріп, мәселелерді бақылайды, — деді қала әкімі.
Ауданда 18 елдімекен бар, 213 мыңнан астам халық тұрады. Жер көлемі — 19 500 гектар. Аталған аумақта 128 балалар ойын алаңшасы, 70 спорт алаңшасы бар. Ауыз сумен 98 пайыз, электр жарығымен 98 пайыз, ал табиғи газбен 96 пайыз қамтылған. Өткен жылы аудан тұрғындары тарапынан 411 мәселе көтеріліп, оның 357-сі шешімін тапқан. Жыл соңына дейін 21 мәселе шешіледі.  Аудан әкімі Рахымберді Мүлкемановтың есебін тыңдаған қала басшысы сұрақ-жауапқа көшті.
Тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған қала әкімі: «Сіздер мәселе көтердіңіздер, ал біз оны шешеміз», — деді. Сондай-ақ кей мәселелер бойынша кезек күттірмей, арнайы өзі барып көретінін айтты.
Advertisements