ШЫМКЕНТ: ИНКЛЮЗИВТІ БАЛАЛАР МАРАФОНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ - 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

ШЫМКЕНТ: ИНКЛЮЗИВТІ БАЛАЛАР МАРАФОНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

0
52
Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
“Арман әлемі” қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, дендросаябақта әр сенбі күні дайындық жүргізіледі. Онда қаладағы Royal фитнес клубының тренерлері балаларға тренинг өткізіп, жүгірудің қыр-сырын үйретеді. Дайындық кезеңі 17-тамызға дейін жалғасады.
Бүгінгі іс-шарада Royal фитнес клубының тренерлері балаларға арнайы дайындық жүргізіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға концерттік бағдарлама ұсынылды.
Инклюзивті балалар марафонына қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық ҚХА қолдау көрсетуде.
Advertisements